KZ RU

Қайрат Нұртас: «Май өнивөрс» YouTube-та 1 миллион рет қаралды

ELnews.kz - Шыға сала сынға ұшыраған Қайрат Нұртас пен Заңғар Нұртастың «My Universe» бейнебаяны YouTube каналында 1 миллион рет қаралды.


Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында жазды.

-1 миллион просмотр. 1 -ші орында тренд бөлімінде. Хайп болса xайп болсын, еш жеріміз майып болмаса болды. «Май өнивөрс» әніне, бейнебаянына атсалысқан KN ұжымына ерекше алғысымды айтамын! Баршаңызға үлкен рақмет!, - деп жазды әнші.

Еске сала кетсек, 6 маусымда Қайрат Нұртас пен Заңғар Нұртастың «My Universe» бейнебяны жарияланған болатын. Әлеуметтік желідегі тыңдаушылар олардың ағылшын тіліндегі сөздерді айту мәнері дұрыс емес айтып, сынаған еді.

Пайдалы кеңес