KZ RU

София есімді робот әйел Астанадағы форумға келді (ВИДЕО)

Астанада өткелі жатқан Жібек Жолы елдері мэрлерінің форумына София есімді робот әйел де келді. Ол қазір сөз сөйлеуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды ELnews.kz. 

Бұл туралы Астана әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева facebook парақшасында жариялады.

 

«Астанадағы мэрлер форумына София деген робот қатысуға дайындалып жатыр. Елордада Жібек жолы елдері мэрлерінің Global Silk Road ауқымды  I форумы өтуде», - деп жазды ол.


Сауд Арабиясының азаматтығын алған София – әлемдегі ең жетілген әрі адамға барынша ұқсас робот.

 

Өткен жылы адамзат тарихында алғаш рет робот-гуманойд азаматтық алды. Софияға азаматтықты Сауд Арабиясы берді. Былтыр қазан айында робот ресми азаматтық бергені үшін Сауд Арабиясы басшылығына алғысын білдірді.

 

Софияның кескін-келбеті британдық актриса Одри Хепберіннің образында жасалған.

 

Жер бетіндегі алғашқы робот-әйелді Дэвид Хансон басқаратын Hanson Robotics компаниясы құрастырып шығарды.

 

Бұл робот адамға тән көптеген қимылдарды жасай алатынымен таңғалдырады. Мәселен ол кірпіктерін қағады, мұңаяды, сондай-ақ қуанышын білдіре алады. Жұртшылықпен кәдімгі адамша әңгімелесіп, сұрақтарға жауап береді.

 

- Менен роботтар күндердің күнінде әлемді билеуі мүмкін бе деп жиі сұрайды. Менің ойымша, олай болуы мүмкін емес. Адамдар мен роботтар келешекте бүгінгіден де ақылдырақ болады да бірге өмір сүретін болады, дейді адамға ұқсас робот София.


Еске сала кетейік, осыған дейін София есімді робот әйел Астанадағы форумға келе жатқанын хабарлаған болатынбыз.




Пайдалы кеңес