KZ RU

Олжас Сүлейменовтің немересі қаза тапқан жол апатының видеосы жарияланды (ВИДЕО)


Белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің немересі Искандердің көлік апатына ұшырап, қаза тапқан сәтінің видеосы интернет-ресурстарда жарияланды, деп хабарлайды ELnews.kz ақпарат агенттігі.

 

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан бейнежазбада Астана қаласындағы Мәңгілік Ел және Жәнібек-Керей хандар көшелерінің қиылысындағы жол қозғалысы жазылған.

Видеода көрінгендей, Мәңгілік Ел көшесімен қала орталығына қарай бағыт алып келе жатқан мотоцикілді жолаушы Жәнібек-Керей хандар көшесі қиылысынан тік өте бергенде, қарсы беттен келіп, солға - Жәнібек-Керей хандар көшесіне бұрыла берген көлікке соғылады. Ішкі істер департаментінің мәліметінше, жол ережесін автокөлік иесі бұзған. Ол қиылыста солға бұрылардан бұрын қарсы бағыттағы көліктерге жол беруі тиіс еді.

Жол апаты кезінде ақын Олжас Сүлейменовтің немересі 26 жастағы Искандер атты азамат қаза тапты. Қазір Астана қаласының полициясы сотқа дейінгі тергеу-тексеру шараларын жүргізіп жатыр.

ІІД-нің мәліметінше, мотоцикіл соғылған көліктің рөлінде 29 жастағы Малика Мұхитова есімді азамат болған. Ол Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитовтың қызы.


Пайдалы кеңес