KZ RU

Қазақстан пойыздарында туризм туралы бейнебаяндар көрсетіледі

ELnews.kz - 5 маусымынан бастап Қазақстан теміржолының «Тұлпар-Тальго» 22 құрамында және фирмалық жүрдек пойыздарының 9 құрамында қазақ және орыс тілдеріндегі «Unknown Kazakhstan» (Белгісіз Қазақстан) телебағдарламасы көрсетілетін болады.


«Unknown Kazakhstan» - Kazakh TV телеарнасындағы еліміздің ең қызықты мекендері мен белгісіз жерлері туралы баяндайтын бағдарлама.

Бұдан басқа, жалпы хронометражы 6 сағаттан асатын «Discovering Kazakhstan» және «Aviator» атты ел ішіндегі саяхат туралы тағы екі бағдарламаны көрсету жоспарланған.

«Kazakh Tourism» және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниялары, сондай-ақ «Хабар» агенттігі мамыр айында қазақстандықтарды ел ішінде көбірек саяхаттауға ынталандыруды көздейтін бірлескен кампания жариялаған болатын.

Бұл шара еліміздің әуежайлары мен теміржол вокзалдарында Қазақстанның түпкір-түпкірінде орналасқан туристік орындар туралы танымдық бейнебаяндарды көрсетуден басталды.

Маусым айынан бастап бұл кампанияны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ қолдап, бейнебаяндар Қазақстан бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетіле бастады.

Науқанға «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әкежайының жарнамалық операторы MYD Production да қолғабыс етіп, белгілі қазасқтандық фотограф Константина Киквидзенің Қазақстан туралы суреттерін ішкі терминалдың ұшу алаңдарында орналастырды.

«Белсенді туристік маусым басталып келе жатыр және біз өз азаматтарымызға ішкі туризм мүмкіндіктері туралы барынша ақпарат беруге тырысып жатырмыз. Әрбір қазақстандық қазақтың осы бірегей табиғи және тарихи-мәдени көрнекті орындарына баруы тиіс деп есептейміз», - деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.

Пайдалы кеңес