KZ RU

Apple-дың ақылды сағаты Паркинсон ауруын анықтайды

ELnews.kz - Apple Watch-тың ResearchKit қосымшасы Паркинсон ауруының белгілерін анықтайтын болады. Apple құрастырушылары бұл қосымшаны WatchOS 5 тұсаукесерінде таныстырды, деп жазады life.ru.

Бағдарлама осы аурудың екі негізгі белгісін, яғни қолдың дірілі мен дискинезияның түрін анықтайды. Ақылды сағаттар осы аурудың нышандарын байқаса адамдарға ескертеді. Мұндай ауруларды ерте кезде анықтау өте маңызды.

Осыған дейін бұл сағаттар юзердің жүрек қағысын ғана қадағалайтын еді. Дереккөзінің жазуынша, Apple Watch бір қолданушының жүрек қағысының жиі қағатынын анықтаған. Аксессуардың ескертуінен кейін сағаттың иесі дәрігерге қаралып, бүйрегі ауыратынын білген.

Пайдалы кеңес