KZ RU

WhatsApp-та жойылған хабарламаны оқуға болады

WhatsApp-тағы өшірілген хабарламаларды қайтадан қалпына келтіріп, оқуға болады. Бұл туралы The Mirror жазды, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Хат-хабарламаны қалпына келтіру механизмі WhatsApp қосымшасындағы автоматты түрде орындалатын «хабарларды көшіру функциясы» арқылы сақталып қалатын көрінеді.


Жойылған хабарламаларды оқу үшін қосымшаны өшіріп тастап, оны қайтадан жүктеу қажет. Содан кейін жойылған хабарламалардың барлығы бұрынғы жазылған кездегі қалпына келеді.


Еске сала кетейік, WhatsApp арқылы жіберілген хабарламаны бір сағат ішінде өшіруге болады.


Пайдалы кеңес