KZ RU

Қазақстан құрамасы Дюссельдорф «Grand Slam» жарысына қатысады

Қазақстан құрамасы Дюссельдорф «Grand Slam» жарысына қатысады. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

22-24 ақпан күндері Германияның Дюссельдорф қаласында дзюдодан халықаралық «Grand Slam» турнирі өтеді. Аталған жарысқа 97 елден 683 татами шебері қатысады деп жоспарланған. Қазақстан намысын 14 дзюдошы қорғайды.


Ерлер:


Мағжан Шамшадин (-60 кг)

Рустам Ибраев (-60 кг)

Есет Қуанов (-66 кг)

Ғұмар Қырғызбаев (-66 кг)

Нұрлан Оразалин (-73 кг)

Бекәділ Шаймерденов (-73 кг)

Қажымұқан Өтеулиев (-81 кг)

Азиз Қалқаманұлы (-90 кг)

Ерсұлатан Мұзаппаров (-90 кг)

Айбек  Серікбаев (-100 кг)

Виктор Демьяненко (-100 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Әділ Оразбаев (+100 кг)


Қыздар:


Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг)


Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы атанған дзюдошыға әлем рейтингінде 1000 ұпай, күміс жүлдегерге – 700, ал қола жүлдегерге 500 ұпайдан қосылады. 



Пайдалы кеңес