KZ RU

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті

3 ақпан күні Фриско қаласында (АҚШ, Техас штаты) қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды ELnews.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

  

Жәнібектің қарсыласы америкалық боксшы Стивен Мартинес(18-4, 13 КО). Орта салмақтағы жекпе-жек 8 раундқа есептелген.

 

Сондай-ақ, жекпе-жекте ресейлік Сергей Ковалев пен колумбиялық Элейдер Альварес айқасады.


Жарыс қарсаңында барлық боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

 

Әлімханұлының салмағы 162 фунт болса, Мартинестің салмағы 160,4 фунтты көрсетті.

Жәнібек Әлімханұлының салмақ өлшеу рәсіміндегі видео Инстаграмда жарияланды.

Айта кетейік, 3 ақпан күні Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Мартинес жекпе-жегін 07:30-да «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.


Видео Берік Сұлтан парақшасынан





Пайдалы кеңес