KZ RU

Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегорға айыппұл салынды

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовке және Конор Макгрегорге UFC 229 турнирінің басты жекпе-жегінен кейін жаппай төбелеске қатысқандары үшін жазаланды. Бұл туралы qazsporttv.kz жазды, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Невада штатының Атлетикалық комиссиясы (NSAC) жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовты тоғыз айға жекпе-жектерден шеттеп, 500 мың доллар айыппұл салу туралы шешім шығарылды.


МакГрегор де алты айға шеттеліп, оған 50 мың доллар айыппұл салынды.


Сонымен қатар, NSAC бұл төбелеске қатысқан Зубайра Тухугов пен Абубакар Нурмагомедовті де жазалады: әрқайсысы бір жылға шеттеліп, 25 мың доллар айыппұл төлейді. Барлығының шеттеу мерзімі 2018 жылдың қазанынан есептеледі.


Пайдалы кеңес