KZ RU

Қарағандылық балуан «Қазақстан барысы» турнирінде 25 миллион теңге алды

Астанада бүгін, 1 шілдеде қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Elnews.kz.

  

Жарыста Қарағанды облысының палуаны Ержан Шынкеев жеңіске жетті.


Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жарысқа аймақтардан іріктеліп келген 37 балуан қатысты. Финалда қарағандылық Ержан Шынкеев «Әскер Барысы» Ерасыл Қажыбаевпен күш сынасты. Салмақ өлшеу кезінде 151 килограмм тартқан Е.Қажыбаев турнирдегі ең ауыр балуан атанған-ды.


Е.Шынкеевтің салмағы – 125 килограмм. Бұл белдесуде қарағандылық спортшы ұпай санымен алға шықты.


Сонымен, екінші орын Е.Қажыбаевқа берілсе, үшінші орын ШҚО балуаны Айбек Нұғымаровқа бұйырды.


«Қазақстан Барысы» турнирінде жеңімпаз атанған Е.Шынкеевке алтын белбеу мен алтыннан құйылған «тайтұяқ» табысталды. Сонымен қатар 25 млн теңгеге бұйырды.


Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан Барысы-2018 жеңімпазы 73 мың доллар алатыны хабарлаған болатын.


Пайдалы кеңес