KZ RU

Қанат Исламның рейтингі төмендеп кетті

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) рейтингінде бірден үш сатыға төмендеді, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Аталған ұйымның жаңартылған рейтингінде бірінші орта салмақтағы (69,9 кг дейін) мықтылар арасында Қ.Ислам екінші орыннан бесінші орынға сырғыған. Дивизионда француз Мишел Соро көш бастап тұр. Одан кейінгі орандарда Келл Брук (Ұлыбритания) және Эрисланди Лара (Куба) бар. Төртінші болып доминикандық Карлос Адамес орналасты. Бұдан бұрын Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBО) өз рейтингінен Қанат Исламды алып тастаған болатын.


Еске сала кетсек, Қанат биылғы жылдың 23 маусымында Лос-Анджелесте мексикалық Фернандо Каркамомен жекпе-жекке шығуға тиіс еді. Алайда, қазақстандықтың жарақат алып қалуына байланысты кездесу болмай қалды.


Пайдалы кеңес