KZ RU

Қазақстан Барысы-2018 жеңімпазы 73 мың доллар алады

Астанада «Барыс Арена» спорт сарайында Елбасы Н.Назарбаев жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» VIII республикалық турнирі басталды, деп хабарлайды ELnews.kz. 

Елорданың 20 жылдығына арналған биылғы турнирге еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан ең мықты деген 35 балуан қатысып жатыр. Олар бұған дейін аймақтық турнирлерде іріктеліп шыққан болатын.


Сонымен, «Қазақстан Барысы» турнирінде жеңімпаз атанған балуанға алтын белбеу мен алтыннан құйылған «тайтұяқ» табысталады. Екінші және үшінші орын алған балуандарға күміс және қола белбеу беріледі. Сонымен қатар, әр белдесудегі жеңіс үшін 100 мың теңгеден беріледі деп жоспарланған. ІІІ орын алған балуанға 1 миллион 800 мың теңге, ал оның бапкеріне 900 мың теңге табысталады. ІІ орын үшін 5 миллион 500 мың теңге, оның бапкеріне 1 миллион 800 мың теңге берілмек. Ал бірінші орын алған балуанға 25 млн теңгеге бұйырады. Теңгенің долларға шаққандағы бүгінгі курсымен есептесек, ол 73 313 АҚШ долларына тең сома. Жеңімпаз балуанның бапкеріне 3 миллион 500 мың теңге тапсырылады.


Пайдалы кеңес