KZ RU

Елбасы Головкинге Қазақстанда жекпе-жек өткізуге қолдау көрсететінін айтты

Қазақстан Президенті кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкинге кезекті жекпе-жегін елімізде өткізуге ниеттенген болса, қолдауға әзір екенін айтты, деп хабарлайды ELnews.kz.


Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін бокстан орта салмақта WBC, WBA (Super), IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді қабылдады. Осы кездесуде Н.Назарбаев боксшының алдағы жекпе-жектерінің бірін Қазақстанда өткізу ниеті болса, қолдау білдіретінін айтты.

- Сен өз салмағыңда үздіксің, бірде бір рет жеңілмеген ең нокаутер боксшы атандың. Бұл – үлкен жетістік әрі біздің спорт үшін, тұтас Қазақстан үшін жақсы насихат. Біз сенің күш-жігеріңді жоғары бағалаймыз. Егер Қазақстанда жекпе-жек өткізудің мүмкіндігі болса, біз бұған ықпал етіп, көмектесеміз, - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев боксшы Геннадий Головкинге орден табыстады. Ал Геннадий Головкин чемпиондық белбеулерін Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйлады.

Пайдалы кеңес