KZ RU

Қазақстанда алғаш рет UFC турнирі өтеді

ММА шеберлерінің танымал менеджері Саят Әбдірахманов Қазақстандағы UFC алғашқы турнирінің өтетін күнін мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

«Бұрын орындалмайтын арман болып көрінген дүние жүзеге асайын деп тұр. UFC Қазақстан. 13 маусым», - деп жазды Саят Әбдірахманов Instagram-дағы парақшасында.


Еске сала кетейік, қазақстандық Шафкат Рахмонов пен Жалғас Жұмағұловтың UFC-мен келісімі бар. Сондай-ақ, Сергей Морозов та танымал промоушенмен келісім жасауы мүмкін. Бұдан бұрын Жандос Жұмағұлов ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында барлық аты аталған балуандардың Қазақстандағы турнирде жекпе-жек өткізе алатынын айтқан болатын. 


Пайдалы кеңес