KZ RU

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресейге барды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласындағы «Лужники» стадионында футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.


Ашылу рәсімі аяқталған соң Ресей және Сауд Арабиясы құрама командалары арасында чемпионаттың ақтық кезеңінің бірінші ойыны болды.
2018 жылғы әлем чемпионатының ақтық кезеңі 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Турнирге 32 ұлттық құрама команда қатысады. Командалар арасындағы ойындар Ресей Федерациясының 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді.  
Басқа да:

Пайдалы кеңес