KZ RU

Тоқаевтың тапсырмасынан кейін жаңа орталық құрылды

Қазақстан президенті әкімшілігі жанынан әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығы құрылды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

24 қаңтарда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу орталығын құру туралы айтқан болатын.


"Орталыққа президент әкімшілігі басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Тимур Сүлейменов басшылық етеді", - дейді Берік Уәли.


Орталықтың құрамына экономика және қаржы саласы бойынша белгілі қазақстандық сарапшылар кіреді.


Институттың негізгі міндеті – бейтарап сараптама әзірлеу және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жедел жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстар дайындау.


Пайдалы кеңес