KZ RU

Тоқаев Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында жолаушылар ұшағы апатынан қаза болған азаматтардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.


"Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады", - деп жазды Президент twitter-дегі парақшасында.


Президент зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін, апаттың себебін анықтау үшін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен арнайы үкіметтік комиссия құрылғанын атап көрсетті. Сонымен қатар кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлім етті. 

  


Пайдалы кеңес