KZ RU

Автобус пен пойыздың соқтығысуы: Тоқаев қаза тапқан жүргізушінің туыстарына көңіл айтты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қыркүйек күні Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд бен автобус соқтығысынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Президент Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ELnews.kz.

   

«Алматы обл. Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд автобусқа соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды», - деп жазылған хабарламада.


Еске сала кетейік, кеше Алматы облысында жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысқан болатын.


Пайдалы кеңес