KZ RU

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбедегі «Green Capital Kazakhstan» жылыжай кешеніне барды

Мемлекет басшысы «Green Capital Kazakhstan» жылыжай кешеніне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Қазақстан Президенті Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында жылына 3 мың тонна көкөніс өсіретін «Green Capital Kazakhstan» ЖШС-нің жылыжай кешенін аралап көрді.


Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорынның шығаратын өнімдерімен танысты және жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін осындай инвестициялық жобаларды іске қосудың маңызды екенін атап өтті. 


Пайдалы кеңес