KZ RU

Назарбаев Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол қойды

ELnews.kz - Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық домбыра күні туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.



Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4.  Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының
            Президенті                                                               Н.Назарбаев
 
Астана, Ақорда, 2018 жылғы 12 маусым
             № 699      
Басқа да:

Пайдалы кеңес