KZ RU

Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтады

РФ президенті Владимир Путин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты телефон арқылы туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Kremlin.ru сайты мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

«Владимир Путин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, мамыр айының соңында Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесті Нұр-Сұлтан қаласында өткізу бойынша келісімге келді», - деп жазылған хабарламада.


Айта кетейік, бүгін, 17 мамыр - Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Мемлекет басшысы 66 жасқа толып отыр.


Пайдалы кеңес