KZ RU

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Алматы қаласына барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

  

«Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұртшылық өкілдерімен, көпбалалы аналармен, жастармен және кәсіпкерлермен кездесуі жоспарланған», - деп жазды Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында.


Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысады. 



Пайдалы кеңес