KZ RU

Нұрсұлтан Назарбаев Джеки Чанмен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда белгілі актер Джеки Чанмен кездесті. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Сонымен қатар, кездесуде Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев пен ҚР Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директоры - Әсет Исекешев болды. Сондай-ақ әйгілі Қытай актерінің әріптестері мен шығармашылық ұжымының мүшелері қатысты.


Нұрсұлтан Назарбаев Джеки Чанның әлемдік кинематографиядағы маңызды рөлі барын айтып өтті.


«Өзіңіздей танымал тұлғамен жүздескеніме қуаныштымын. Сізді бүкіл әлем біледі», - деді Елбасы.


Айта кетейік, танымал актер Джеки Чан Қазақстанға 2017 жылы келген болатын. 


Пайдалы кеңес