KZ RU

Президент жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің бірқатар әлеуметтік және индустриялық нысандарын аралап көріп, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысады.


Сондай-ақ, Мемлекет басшысының облыс жұртшылығымен, соның ішінде мұғалімдер қауымымен, еңбек ұжымдарымен, жастар өкілдерімен кездесуі жоспарлануда.


Пайдалы кеңес