KZ RU

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийдің Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

«Владимир Зеленскийге Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым», - деп жазады ҚР Президенті твиттердегі парақшасында.


Еске сала кетейік, сайлаудың соңғы қорытындысы бойынша Владимир Зеленский көш бастап тұр, оған тұрғындардың 73,04% дауыс берген. Ал Петр Порошенконы сайлаушылардың 24,61% жақтаған.  




Пайдалы кеңес