KZ RU

Тоқаев: «Көкжайлау» жобасы туралы мәселеде асығыстық танытуға болмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Көкжайлау" жобасының құрылысын кейінге қалдыру туралы ұсынысын айтты. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

«Алматы қаласының əкімі Б.Байбек сарапшылардың бағалауы мен қала тұрғындарының пікірін зерттеп, зерделеу үшін «Көкжайлау» тау-шаңғы курортының жобасын кейінге шегеруді ұсынды. Менің ұсынысым бойынша қабылданған бұл шешімді қолдаймын. Мұндай маңызды мәселеде асығыстық танытуға болмайды», деп жазды ҚР Президенті.


Еске сала кетейік, бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Көкжайлау» курортының құрылысы кейінге қалдырылғанын мәлім еткен болатын. 




Пайдалы кеңес