KZ RU

Президент «Қаламқас» кен орнындағы жағдайды бақылауға алды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қаламқас» мұнай-газ кен орнындағы өртке қатысты Үкіметке тиісті тапсырмалар берді, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

«Үкіметке «Қаламқас» кен орнындағы өртті тоқтатып, төтенше жағдайды қалыпқа келтіру жөнінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырдым. Бұл мәселе менің бақылауымда», - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.


Айта кетейік, 13 наурызда Маңғыстау ауданындағы «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ның «Қаламқас» мұнай-газ кен орнында «Си Бу» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС №8237 ұңғымасын бұрғылау барысында газ-су қоспасы атқылаған болатын. 25 наурыз күні сағат 07:10-да Маңғыстау облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне «Қаламқас» кен орнындағы ұңғымадан шыққан газ жанып, биікті 10 метрге дейін жалын атқылап тұрғандығы хабарланған еді.



Пайдалы кеңес