KZ RU

Назарбаев: Әр балаға 21 мың теңгеден беруді тапсырамын

ҚР Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде көпбалалы отбасыдағы әр балаға 21 мың теңге беру туралы шешім шығаруға тапсырма берді, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

"Қазіргі уақытта арнаулы әлеуметтік көмекті мемлекеттен 111 мың отбасы алып жатыр. Үкіметке мұндай отбасыларға көрсетілетін көмектің талаптарын күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін көтеруді тапсырамын. Көпбалалы отбасылардағы әр балаға берілетін төлемнің минималдық көрсеткіші 21 мың теңге болсын. Оның үстіне, оны алу үшін әркімнің босағасын жағаламау үшін әлеуметтік көмек көрсету процедурасын барынша жеңілдету керек", - деді Назарбаев.


Президенттің айтуынша, Қазақстанда қазіргі таңда 340 мыңдай отбасының төрттен көп баласы бар. Жыл сайын көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету үшін 500 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінеді.


"Әр отбасының табыс деңгейі әртүрлі. Кейбіреуінің жақсы табысы бар, ал кейбірінің табысы аз, сол отбасыларға біз көмек көрсетеміз, осыны ескеру қажет. Миллионерлерге мемлекеттен тағы да әлеуметтік қолдау көрсетудің қажеті не? Бірінші кезекте мемлекет табысы аз отбасыларға көмектесуі қажет", - деді Елбасы.

Пайдалы кеңес