KZ RU

Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесі туралы заңдарға қол қойды

Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесін жаңғыртуға қатысты екі заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 


Мемлекет басшысы сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, – делінген хабарламада.


Сонымен қатар, Қазақстан Президенті сот жүйесін, оның ішінде Қазақстан Республикасының Жоғары сот Кеңесінің қызметін жаңғыртуға бағытталған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға да қол қойды.




Пайдалы кеңес