KZ RU

Назарбаев браконьерлер қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевті орденмен марапаттады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевті ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазады, деп хабарлайды ELnews.kz.

   

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:


1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:


ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен


Ницык Петр Алексеевич - Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы


Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлы (марқұм) - Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы.


2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Айта кетейік, осыған дейін Мәжіліс депутаттары, қоғам белсенділері «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевке «Халық Қаһарманы» атағын беруды ұсынған болатын. 


Пайдалы кеңес