KZ RU

Нұрсұлтан Назарбаев диета ұстау туралы көзқарасын айтты

Нұрсұлтан Назарбаев адамның дене бітімі сымбатты болу үшін не істеу керек екенін және қандай диета ұстану керектігі жөнінде кеңесін айтты, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Қазақстан президентінің теле радио кешені әлеуметтік желіде Елбасының диета туралы көзқарасы мен өмір сүру салты түсірілген видеоны жариялады.


«Кімнен сұрасаң да, арықтағысы келеді. Тіпті арық адамдардың да арықтағысы келеді. Диетаның да түрі көп. Ет жеуге болмайды, майды жемеу керек деген сияқты. Қазақтар етсіз қалай өмір сүреміз? Бір ұрыны ұстап алып «неге ұрлық жасайсың?» дегенде, «жылқының еті тәттілігін қойса, мен ұрлығымды қояйын» деген екен. Менің қағидам – адам ағзасы сұраған асты жеуі керек», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.


Сондай-ақ, Елбасы спортпен шұғылданудың да маңыздылығын атап өтті.


«Адам өзіне көңіл бөлуі тиіс, біз дені сау ұлт болуымыз керек. Жастар осыған ұмтылатынын білемін. Өз басым ешқандай диета ұстанбаймын», - деді Президент.



Пайдалы кеңес