KZ RU

Астанада ашылған балабақшаға Елбасы келді (ФОТО)

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында ашылған жаңа балабақшаны аралап көрді, деп хабарлайды ELnews.kz.


  

Қаланың сол жағалауында орналасқан 240 орындық бұл білім мекемесінде балалар шығармашылығын дамытып, олардың демалысын ұйымдастыруға арналған музыка залы мен ойын алаңдары бар.


«Almaty balabaqshasy» деп аталған балдырғандар мекемесі 12 топтан тұрады. Әрбір топтың Алматы қаласымен байланысты тақырыптық атаулары бар. Балабақша интерьерінің дизайны Алматының белгілі көшелерімен және даңғылдарымен танысуға, сондай-ақ қала тарихы жөнінде мағлұмат алуға мүмкіндік береді.

Басқа да:

Пайдалы кеңес