KZ RU

Домбыра күні мерекесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда

Астанадағы «Қазақ Елі» монументі алдындағы алаңда Ұлттық домбыра күніне арналған концерт басталды. Оған Қазақстан Президенті қатысуда, деп хабарлайды ELnews.kz.   

Бүгін, 1 шілдеде елордада өтіп жатқан Домбыра күні мерекесінде елордадағы «Қазақ Елі» монументі алдындағы алаңда 2 мыңнан астам музыканттан құралған домбырашы өнер көрсетуде. Оркестр дирежері – Айтқали Жайымов.


«Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін тек қана Астанада емес, Қазақстанның барлық өңірінде, қалаларда, аудандар мен ауылдарда осылай мерекелер өтуде. Домбыра - қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, болмыс-бітімі», - деді Елбасы құттықтау сөзінде.


Концертке қатысушылар «Көңіл ашар», «Адай», «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Сарыарқа, «Ата толғауы», «Дайрабай», «Ыңғайкөк», «Серпер», «Көроғлы», «16-шы жыл», «Махамбет», «Қыз Ақжелең», «Саранжап» күйлерін орындауда.


Сонымен қатар, бұл шарада «Асыл» тобы және «Музарт» тобы өнер көрсетеді.


Еске сала кетейік, жақында Назарбаев Ұлттық домбыра күні туралы Жарлыққа қол қойған болатын. 



Басқа да:

Пайдалы кеңес