KZ RU

Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру туралы жарлыққа қол қойды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру жөніндегі жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.


Президент халқының саны 1 миллионға жеткен Шымкент ең ірі мегаполистер қатарына кіргенін айтып өтті.

- Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылыс туралы» заңының 9 бабына сәйкес Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру және облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы Жарлыққа қол қойғалы отырмын. Бұдан бұлай бұл өңір Түркістан облысы деп аталатын болады. Бұл әкімшілік аумақтың құрылымға өзгеріс енгізу арқылы осы өңірдің өркендеуіне тың серпін беруді көздеген тарихи құжат болып саналады. Оңтүстік Қазақстан еліміздегі экономикалық, көлік-логистикалық, демографикалық әлеуеті зор аймақ. Биыл халқының саны миллионға жеткен Шымкент Қазақстандағы ең ірі 3 мегаполистің қатарына қосылды. Облыс орталығы Түркістан қаласына көшіріледі, - деді Н.Назарбаев.


Басқа да:

Пайдалы кеңес