KZ RU

Мереке жексенбіге келетін жағдайда мемқызметкерлер келесі күні демалмауы мүмкін

Мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, мемлекеттік қызметшілер келесі дүйсенбі күні жұмыса шығуға тиіс болады. Мемлекет басшысы Үкіметке және Президент Әкімшілігіне тапсырма берді, деп хабарлайды ELnews.kz.

  

"Үкіметке және Президент Әкімшілігіне мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырдым. Егер мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, келесі күн демалыс болып саналады. Келесі күн (дүйсенбі) барлық мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс күні болуы тиіс", - деп жазды Президент twitter-дегі парақшасында.


Еске сала кетейік, биыл 2020 жылы 8 наурыз мерекесі демалыс күніне келіп тұр.


Пайдалы кеңес