KZ RU

Ішкі істер министрі Тұрғымбаев Тоқаевқа Қордайдағы жағдай туралы есеп берді

Қазақстан Президенті Ішкі істер министрін қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жағдайды тұрақтандыруға байланысты қабылданып жатқан шаралар жайында есебін тыңдады.


Қасым-Жомарт Тоқаев министрге облыстағы ахуалды қатаң бақылауға алып, азаматтардың қауіпсіздігіне және еліміздің абыройына нұқсан келтіретін осындай оқиғаларға жол бермеу мақсатында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді тапсырды.


Қоғамдық тәртіпті бұзып, кісі өліміне және дүние-мүліктің бүлінуіне әкеп соқтырған бұзақылар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылуы тиіс.


Пайдалы кеңес