KZ RU

Назарбаев: Көпбалалы отбасыларға баспана беру жеңілдіктері қарастырылсын

"Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасыларға 2-3 пайызбен баспана сатыл алу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

«Көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар, аз қамтылған отбасыларға пәтер сатып алудың қолжетімділігін арттыруды тапсырамын. Осы санаттағы азаматтарға Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жылдық төлемі 2-3 пайызбен тұрғын үй заемын беру жеңілдіктері тетіктерін әзірлеу керек. Ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаражат қажет болады және оған жыл сайын 50 млрд теңге бөлуді тапсырамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 


Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасындағы әр балаға 21 мың теңгеден беруді тапсырды. 


Сондай-ақ, ол мүгедек балаларға төленетін жәрдемақыны өсіру керектігін айтты. 


Пайдалы кеңес