KZ RU

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі таратылды.


Бұрынғы министрліктің функциялары Қазақстанның Қоғамдық даму министрлігіне тапсырылады.


Осылайша, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық дамуы министрлігі пайда болады. Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің барлық өкілеті осы министрлікке тапсырылады.


Пайдалы кеңес