KZ RU

Димаш Құдайберген Астанада концертін өткізеді

Жастар жылының аясында Астанада Димаш Құдайбергеннің  концерті өтеді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ELnews.kz.


 

 

Баспасөз мәслихатында Димаш:


«Сіздерге деген махаббатпен, сағынышпен осы жазда Астана-Аренада «Арнау» атты концертімді назарларыңызға ұсынамын. Келіңіздер, көріңіздер», - деді.


Айта кетейік, бұл жоба «Қазақстан» ұлттық арнасымен бірге ұйымдастырылғалы отыр. 


Сонымен қатар, «Қазақстан» РТРК АҚ төрағасы Ерлан Қарин де алдағы концерт туралы айтып берді.


«Біз талантты жастарды қолдауға дайынбыз. Оның үстіне өздеріңіз білетіндей, биылғы жыл Жастар жылы деп жарияланды. Астанада Димаштың концерттік бағдарламасын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдадық. Димаш еліміздің, халқымыздың біртуар азаматы, еліміздің атын бүкіл әлемге танытып жүрген талантты тұлға», - деді «Қазақстан» РТРК АҚ төрағасы.



Димаш Құдайбергеннің «Арнау» атты шығармашылық концерті Астана күні қарсаңында өтеді. Концерт 4-5 бөлімнен тұрады деп жоспарланып отыр.


Пайдалы кеңес