KZ RU

«Бек Эйр» әуекомпаниясын сотқа берген комитет талап арызды толықтырмақ

«Бек Эйр» әуекомпаниясын сотқа берген ҚР ТЖМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті талап арызды толықтырмақ, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

31 қаңтарда Сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті «Bek Air» әуе компаниясының үстінен шағымданып, сотқа талап арыз берді. Талап арызға сатып алынған авиабилеттерге ақшасы қайтарылмаған 20 тұтынушының өтініші негіз болған.


Осы мәселеге қатысты құқығы бұзылған тұтынушылар кеңес алу үшін комитеттің «шұғыл желісіне» хабарласа алады: 74-98-32, 74-98-36. Ал, өтініштерді комитеттің пошталық мекенжайына жібере алады. Бұдан бөлек, фискалдық чек немесе басқа да растайтын құжаттардың, билеттердің және жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.


Еске сала кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы маңындағы ұшақ апатына байланысты «Bek Air» әуе компаниясының рейстері 16 ақпанға дейін шегерілген болатын.


Пайдалы кеңес