KZ RU

Қазақстанда коронавирусқа байланысты жедел желі іске қосылды

ҚР Сыртқы істер министрлігі коронавирус мәселелері бойынша жедел желі ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

Сыртқы істер министрлігінде Қытай Халық Республикасындағы коронавирус мәселелері бойынша жедел желілер іске қосылды.


Министрлік мәліметінше, жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары коронавирусқа қатысты мәліметтерге қатысты келесі телефон нөмірлері бойынша қоңырау шала алады: +7 (7172) 72-05-49, +7 (7172) 72-01-98, +7 (7172) 72-04-93.


Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері +7 (7172) 72-01-11 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.


"Сонымен қатар, ҚХР-дың кейбір қалаларында карантиннің енгізілуіне байланысты Қытай аумағындағы біздің азаматтар үшін Қазақстанның Пекиндегі елшілігінде +86 10 65324189 телефоны бойынша тәулік бойы жедел желі ашылды", - делінген сыртқы істер министрілігінің ақпаратында.

Пайдалы кеңес