KZ RU

Бүгін бірнеше облыста бұршақ жауады

ELnews.kz - «Қазгидромет» РМК 13 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.


Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай болады, желдің күшеюі, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Ооңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 екпіні 23 м/с жетеді.

Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, жел 15-22 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, күндіз дауыл, шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін, жел 15-22 м/с, түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында, Атырау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ескесалакетейік,кеше «Қазгидромет» РМК 13 маусымда Ақмола облысында жаңбыр жауып, қатты жел тұратыны жөнінде ескертті.
Басқа да:

Пайдалы кеңес