KZ RU

Бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысы өседі

Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға өсіруді тапсырды. Бұл туралы Елбасы "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде айтты, деп хабарлайды ELnews.kz.


 

"2019 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік бюджеттік салада төмен жалақы алатын қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға өсіруді тапсырамын. ", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Сонымен қатар, Елбасы аудандардағы, облыстардағы атқарушы органдарда төмен жалақы алатындардың жалақысын орташа есеппен 25 пайызға өсіруді тапсырды.


"Бүгінде қазақстандық отбасылардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шараларды күшейту маңызды. Девальвацияның болуына байланысты біздің биржалық тауарлар тұрақсыз болды, жалақы да төмендеді", - деді Назарбаев.


Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасындағы әр балаға 21 мың теңгеден беруді тапсырды. 


Сондай-ақ, ол мүгедек балаларға төленетін жәрдемақыны өсіру керектігін, көпбалалы отбасыларға баспана беру жеңілдіктері қарастырылатынын айтты. 


Пайдалы кеңес