KZ RU

Астанада жаттығу кезінде жарақаттанған бала ауыр халде жатыр

Астанада жаттығу кезінде қақпаның құлауынан зардап шеккен баланың жағдайына ауыр. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

«10 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің № 2 Қалалық балалар ауруханасына жедел жәрдем бригадасымен ес түссіз, өте ауыр жағдайда 2009 жылы туған бала жеткізілді. Балаға шұғыл түрде ота жасалды. Бүгінгі күні бала қарқынды терапия бөлімінде өзгеріссіз динамикада, өте ауыр жағдайда». - деп жазылған хабарламада.


Қазіргі таңда жарақаттанған бала емдеу шараларын толығымен қабылдап жатыр.


Пайдалы кеңес