KZ RU

Астана маңына жүретін автобустар қозғалысы тоқтатылды

Ауа райының қолайсыздығына (қатты бұрқасын, жолдың көрінбеуі) байланысты бірқатар тасжолдар жабылды. Бұл туралы «Астана LRT» баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ELnews.kz.

 

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты № 300, 305, 308, 309, 312 қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы тоқтатылады. Сізден барынша сақ болып, үсіп қалмауларыңызды, өз сапарыңызды алдын ала ойластыруыңызды сұраймыз. Қозғалыстың қалпына келтірілгендігі жайында қосымша хабарлаймыз», - деп жазылған хабарламада.


Айта кетейік, бүгін Астанада автобус аялдамаға соғылды. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші автобусты ауа райының қолайсыздығына байланысты басқара алмай қалған. 


Пайдалы кеңес