KZ RU

2 ақпанға арналған ауа райы болжамы

2 ақпанда Қазақстанның батысында және солтүстігінде фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады, республиканың қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ELnews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

 

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.


Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болады.


Қостанай, күндіз Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.


Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.


Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Түркістан, Атырау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Түркістан облысының кей жерлерінде жел  15-20 м/с күшейеді.


Павлодар облысының күндіз кей жерлерінде бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысында түнде қатты аяз болады.


Пайдалы кеңес