KZ RU

Астана перзентханасында тағы бір әйел қайтыс болды

Астана қаласының №1 перинаталдық орталығында тағы бір әйел қайтыс болды. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері растады, деп хабарлайды ELnews.kz. 

«Екi апта ішінде №1 перинаталдық орталықта үш жас ана қайтыс болды. Орталық жыл сайын 12 мыңға жуық әйелдi босандырады. Соңғы екi жылда бұл орталықта бiрде бiр ана өлiмi тiркелмеген еді. Қазiргi таңда әйелдердің өлiмiне қатысты тәуелсiз комиссия құрылды. Комиссия жұмысының қорытындысы шыққанда тағы да қосымша мәлімет береміз. Үшiншi әйел кеше кешке, 2 шілдеде қайтыс болды», - дейдi Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров.


Астана қаласы №1 перинаталдық орталығы бас дәрiгерiнiң орынбасары Ербол Әубәкiров әйелге алғашқы уақытта арнайы медициналық көмек көрсетiлгенін айтты. 26 жастағы әйел кесер тiлiгiмен босандырылған. 1800 грамм салмақпен дүниеге келген сәбиi аман-есен. 


«Қазір перзентханада жұмыс уақытша тоқтатылды. №1 перинаталдық орталыққа тiркелген әйелдер басқа мекемелерге жіберіледі. 10 күнге дейiн перзентхана жұмысы тоқтайды», - дедi басқарма басшысы.


Еске сала кетейік, жақында Астана қаласындағы №1 перинаталдық орталықта екі әйел қайтыс болған еді. 

Басқа да:

Пайдалы кеңес