KZ RU

Қазақстанда виза беру тәртібі өзгертілді – ІІМ

2018 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда виза беру тәртібіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді, деп хабарлайды ELnews.kz ақпарат агенттігі.

 

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2018 жылғы 1 шілдеден Виза алушылардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеу және визаларды беру тәртібіне (ҚР СІМ және ҚР ІІМ 2016 жылғы 26 қарашадағы №1100 бірлескен бұйрығы) енгізілген өзгертулер өз күшіне енеді.


" Қазақстан аумағына шетелдіктердің келуіне шақырту жіберу мерзімі қысқартылды. Шақыртуды виза алушы Қазақстанға келетін уақытқа дейін 5 күннен кешіктермей жіберу керек. Бұған дейін бұл мерзім 14 күн болған. Шақыртуда шетелдік азаматтың Қазақстанда тоқтайтын мекенжайы және жүретін жерлері көрсетіледі", - делінген хабарламада.


Сондай-ақ, шақыртуда Қазақстан Республикасының арнайы елді мекендеріне сәйкес келетін әкімшілік-аумақтық нысан жіктеуішінің коды көрсетілетін болады.


Кодты мына сілтеме арқылы өтіп, білуге болады.


Шетелдік азаматта Қазақстанның визасы болған жағдайда ол көші-қон органдарында тіркелмейді, себебі елдегі тоқтаған мекенжайы мен жүретін жерлері шақыртуда көрсетіліп тұрады. Қолданыстағы визаның мерзімін ұзартуға кұжат тапсыру үшін 30 жұмыс күнінен кешіктірмей және визаның мерзімі аяқталғанға дейін 5 күн бұрын өтініш білдіру керек.

Басқа да:

Пайдалы кеңес