KZ RU

Автобуста электронды картасыз жүретіндер үшін жолақы екі есе қымбаттайды

Астана автобустарында ASTRA PLAT электронды картасы жоқ жолаушылар енді 180 теңге төлейтін болады. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов айтты, деп хабарлайды ELnews.kz.
Жаңа жүйе бойынша картасы жоқ жолаушылар жолақы құнын екі есе қымбат төлейтін болады. Яғни, төлем құны қала ішіндегі бағдарлар үшін 180 теңге, ал экспресс бағдарлар үшін 250 теңге болмақ.

- Бұл тариф қоғамдық көліктегі төлем ақшасының «көлеңкелі» айналымына тосқауыл қоюға және қала бюджетіне ақша түсімдерін арттыру мақсатында қолға алынбақ. Сондай-ақ, осы қаржы Астананың көлік жүйесін дамытуға жұмсалады, - дейді «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы.

Айта кетейік, сондай-ақ «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Астана кондукторлары жұмыссыз қалатыны туралы айтқан болатын.

Басқа да:

Пайдалы кеңес