KZ RU

Астана кондукторлары жұмыссыз қалатын болды

Астана автобустарында жолақы құны 180 теңге болғанда кондукторлар жұмыссыз қалады. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов айтты, деп хабарлайды ELnews.kz.
- Автобустардағы қызметке жаңа жүйе енгізілген кезде кондукторлар болмайды. Бұдан былай автобуста ұрыс-керіс те, айғай-шу да орын алмайды. Кондукторлар болмауы тиіс. Тек парктерде қоғамдық көліктерді бақылау қызметі жұмыс істейді. Олар жолаушылардың билеті бар-жоғын тексеріп отырады. Жаңа тариф енгізілгеннен кейін кондукторларды алып тастаймыз, - дейді басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, енгізілетін тарифтің жол жүру жеңілдігі бар астаналықтарға еш қатысы жоқ. Яғни олар үшін қоғамдық көліктегі жолақы бұрынғыдай тегін болады.

- Осы тарифтік өзгерістердің қалалық мәслихатпен бекітілген 6 жеңілдік санатындағы азаматтарға еш қатысы жоқ, - деді Б.Игенбердинов.


Басқа да:

Пайдалы кеңес